Жұбаныш Жексенұлы әлемге әйгілі актер Джеки Чанмен бір сахнада өнер көрсеткен

2 524

Фото: instagram.com/altynaizhorabayevaҚазақстандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Қытайдың Иу қаласында өткен көктем мерекесіне арналған концертте өнер көрсеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Концерт Қытайдағы басты мерекелік телешоу – Spring Festival Gala жобасының ресми алаңдарының бірінде өткен. Өнер иесі онда әлемдік деңгейдегі Лионел Ричи, Ждеки Чан секілді жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсеткен.

Биыл гала-жобаның аймақтық сахналарының бірі болып алғаш рет Иу қаласы таңдалған көрінеді. Мұндай алаңдар орталық студиямен тікелей байланысып, біртұтас трансляция аясында өңірлік мәдениет пен халықаралық қонақтардың өнерін көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сүйенсек, бағдарламаға түрлі елдің әртістері қатысқан. Иу сахнасы халықаралық мәдени алмасу мен шығармашылық ынтымақтастыққа арналған арнайы бөлім ретінде ұсынылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.