"Ешкім көшеде кимешек киіп жүрген жоқ": Әуелбекова заманауи орамалын сынағандарға жауап берді
724
Мөлдір Әуелбекова заманауи орамалын сынағандарға жауап берді. Әншінің айтуынша, басындағы байламасын сөз етіп, тіпті "шеш" деп бұйыратын жандар әлі де жетерлік. Ол сахнаға алғаш орамалмен шыққанда қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Динара Сұлтанның SEN подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Әуелбекова осыдан екі жыл бұрын алғаш рет сахнаға орамалмен шыққанын айтады. Сөзінше, әріптестері мен ортасы оған сыни көзбен қараған. Продюсерлер мен ірі орталықтар оны концерттерден шеттеткен. Ал мемлекеттік қызметте жүргенде басшылары "орамалды не жұмысты" таңдауды сұраған. Әнші барлығына қарсы тұрып, ақыры өз дегенімен жүргенін айтады.
"Дін ұлтқа, салт-дәстүрге бөлінбейді. Ең бастысы, Алланың әмірі, әурет жерлеріңді жабыңдар, деген. Хиджаб, байлама, арафатка, кимешек ки деген сөз жоқ. Ол қызды қорғау мақсатында әмір етілген. Ал оны қалай жабасың, қазақтың киімін киесің ба, арабтың киімін киесің ба, әркімнің өз еркінде. Бірақ елжанды, патриот ретінде өзіміздің дәстүрге сай орамал, кимешек, байламаны киюге тырыссақ, салт-дәстүрден алыстамаймыз. Неге екеуін бірге алып жүрмеске?
Заманауи байлама киемін. Маған: "Неге сен қазақтың оюларын кимейсің?" деп жазып жатады. Кім киіп жүр? Күн сайын көшеде қыздар мен жігіттер киіп жүр ма? Қамзол қалың, ыңғайсыз ғой. Бәріміз заманауи киінеміз. Ешкім қазақтың кимешегін көшеде киіп жүрген жоқ. Қытайдың, Еуропаның, Түркияның киімін киіп жүрміз.
Мен де заманауи киінгім келеді, олай пікір таластырмаңыздар. Мен тек орамалда заманауи, қазақи тұрғыда киіп жүрмін. Айырмашылық сода ғана", - дейді әнші.