Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан түрмеде еден жуушы болып жүр

2 500

Фото: Instagram @01pkҚайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат қазір жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналастырылмаған.

Құзырлы орган Перизат Қайраттың еңбекақысы мен жұмыс кестесі туралы ақпарат беруден бас тартты. Комитет оның сот үкіміне сәйкес жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатқанын хабарлады. Қазір ол мекемеде еден жуушы міндетін атқарады екен.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сотталғандардың қай мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат олардың жақын туыстарына хабарланады.

Еске салсақ, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ақшаның бір бөлігін элиталық жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға және туристік сапарларға жұмсаған.

Сонымен қатар тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін достары мен туыстарын тартып, олардың “қызметі” үшін сыйақы төлеп отырған.

Перизат Қайрат өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол тағылған айыптарды “прокурорлардың қиялы” деп атап, қордың құрылтайшыларын жауап алуға шақыруды талап еткен.

Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.