40-тан асқан Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасымен оқуға түсті

520
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева "Болашақ" бағдарламасымен Лондонға оқуға түсі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы өнер иесі өзінің
Instagram әлеуметтік желісінде мәлімдеді. 

Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондон қаласына оқуға түстім. Бүгін сол жаңалығыммен “Өмір көркем”бағдарламасында бөлістім. Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын, – деді әнші.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын”, “Алла зейініңді ашсын”, “Сәттілік серігіңіз болсын, Айекем”, “Керемет! Мерейіңіз үстем болсы!”, “Сәттілік тілейміз оқуда! Жұғысты болсын”, “Жарайсың”, – деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.