Ерболат Беделхан Ninety one тобынан бас тартты

447

Атышулы топ пен белгілі продюсер Ерболат Беделхан арасындағы шығармашылық көзқарас екіге айырылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Ерболат журналисттерді жинап алып, сегіз жыл продюсерлік еткен "91 тобынан" не үшін бас тартқанын түсіндірді.

Топ пен Juzz Entertainment компаниясы арасындағы келісім шарт қыркүйек айында аяқталуы тиіс екен. Алайда продюсер мерзімінен бұрын топтан бас тартып отыр. Беделханның айтуынша, топтың талабы да, шығармашылық көзқарасы да қатты өзгерген. Продюсер бренд болып қалыптасқан топты осыдан былай өз қамқорлығына алғысы жоқ.

"Бұл аяқ аястынан шығарылған шешім емес. Жігіттермен жарты жылдай талқыладық. Себеп көп. Соның бірі шамамен үш жылға созылған пандемия, карантин әсер етті. Осы уақытқа дейін топ мүшелері орындап жүрген әндері, бейнебаяндары барлығы өздерінде қалады. Репертуарларындағы әндерін тартып ала алмаймын. Барлық құқық топ мүшелеріне тиесілі. Енді олар өздері продюсерсіз күн көреді",дейді Ерболат Беделхан.

Топ мүшесі Zaq өздерінің осындай таңдау жасағанына еш өкінбейтінін айтты. Керісінше, топ әрі қарай шығармашылықтарын дамытпақ. Топтың киім кию стилдері де, ән айту бағыты да еш өзгеріссіз қалады.

"Біз болашақта продюсермен жұмыс жасаймыз. Топ бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Болашақта АҚШ-қа баруды жоспарлап отырмыз",дейді Zaq.