1 млрд! Ернар Айдар концертінен түскен ақшаны сәбидің еміне берді

564

Танымал әнші Ернар Айдар Тараздағы концертінен түскен қаржыны 1,5 жастағы баланың еміне берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Кішкентай Айсезім жұлын бұлшық еттерінің атрофиясына шалдыққан. Сәби сауығып кетуі үшін 

Zolgensma деген укол қажет екен. Әлемдегі ең қымбат укол 1 миллиард теңге тұрады.
Ауыр науқасқа шалдыққан Айсезім Тараз қаласында тұрады. Танымал әнші бүлдіршін туралы әлеуметтік желі арқылы естіпті. Ол сол кезде барынша көмектесетінін айтып, ата-анасына сөз берген екен.

Тараздағы концертінен соң Ернар науқас бүлдіршіннің үйіне барып, оның ата-анасына билеттен түскен қаржыны табыс етті. Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Жаным Айсезім сен жазылып кетесің, Алла қаласа! Еміне ауқымды қаражат кететін болғандықтан, әлі де ақша жиналып жатыр, деп жазды Ернар Айдар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.