1 млрд! Ернар Айдар концертінен түскен ақшаны сәбидің еміне берді

567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Танымал әнші Ернар Айдар Тараздағы концертінен түскен қаржыны 1,5 жастағы баланың еміне берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Кішкентай Айсезім жұлын бұлшық еттерінің атрофиясына шалдыққан. Сәби сауығып кетуі үшін 

Zolgensma деген укол қажет екен. Әлемдегі ең қымбат укол 1 миллиард теңге тұрады.
Ауыр науқасқа шалдыққан Айсезім Тараз қаласында тұрады. Танымал әнші бүлдіршін туралы әлеуметтік желі арқылы естіпті. Ол сол кезде барынша көмектесетінін айтып, ата-анасына сөз берген екен.

Тараздағы концертінен соң Ернар науқас бүлдіршіннің үйіне барып, оның ата-анасына билеттен түскен қаржыны табыс етті. Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Жаным Айсезім сен жазылып кетесің, Алла қаласа! Еміне ауқымды қаражат кететін болғандықтан, әлі де ақша жиналып жатыр,— деп жазды Ернар Айдар.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.