Бағлан Әбдірайымов мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлігін сыйлады

2 552

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_officialТанымал әнші Бағлан Әбдірайымов темір тұлпарын көпбалалы, екі аяғынан айырылған азаматқа тарту етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін Әбдірайымов Instagram желісіндегі парақшасында көлігін біреуге тарту ететінін айтқан болатын.


«Өздеріңіз жақсы білетін, үш жылдан бері қызмет еткен көлігімді біреуге себепсізден-себепсіз, бір жігітке тарту етемін деген шешімге келдім. Мұны сатып, өз қажетіме жаратсам да болатын еді. Бірақ біреуге себепсіз сыйлағым келіп отыр», – деген болатын әнші.


Осы видеосынан кейін әнші көлігін екі аяғынан айырылған азаматқа тарту еткенін көрсетті. Әншінің айтуынша, Нұржан – көпбалалы әке.


«Екі жыл бұрын өкшесінен жарақат алып басталған дерт, қазіргі таңда Нұржанды осы күйге түсірген. «Сынақ сындыру үшін емес, ширату үшін келеді» дейміз. Десек те, қиын-ақ. Кішкентай төрт баласы мен жұбайы бұл сынаққа қалай төтеп беріп жүргені бір Аллаға аян. Жұбайына мың алғыс! Осы отбасыға лайықты деп ойлаймыз. Береке берсін», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.