Ернар Айдар анасының 60 жасына су жаңа көлік пен 1500 раушан гүлін сыйлады

2 628

Фото: ticketon.kzҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ернар Айдар анасының 60 жасына орай дүркіретіп той жасады. Әнші барша жақындарының алдында аяулы анасына жаңа көлік пен 1500 раушан гүлін тарту етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Ернар Айдар барша ағайын-туыс, жақындарының басын қосып, анасының 60 жас мерейтойы дүркітеріп атап өткен. Өнер иесі дүбірлі тойдың қалай өткенін Instagram парақшасында көрсетті. Ол мерекелік шарадан әсерлі видео жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Ернар Айдар той үстінде бауырларымен бірге анасына тосынсый жасап, жаңа Toyota RAV4 көлігінің кілтін табыстаған. Оған қоса әнші өзіне өмір сыйлаған анасына көпшілік алдында 1500 раушан гүлін сыйлаған. Алайда артынан әнші жұғысты болсын деген ниетпен барша қонақтарға гүлдерді таратып берді. Желі қолданушылары Ернар Айдардың анасына деген құрметін аса жоғары бағалап, жылы лебізін білдіруде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.