Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды

407

Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Айнұр Тұрсынбаева көпшіліктен сүйінші сұрап, Нұрболхан Шараповтың егіз қыздардың әкесі атанғанын хабарлады. Әзілкештің егіздері Түркияның Стамбұл қаласында өмірге келді.

“Стамбұл уақытымен кешкі 21:00, Қазақстан уақытымен түнгі 00:00. Нұрболхан Шарапов егіз қыздардың әкесі атанды. Келіншегі егіз қыздарды өмірге әкелді. Барлық сайттар жаза берсеңіздер болады. Бұл керемет жаңалық. Сүйіншісін маған беріңіздер”, – деп  хабарлады айтыскер  Айнұр Тұрсынбаева. 

“Сүйiншi, ағайын! Ойламаған жерден егiз қыздарым Стамбұлда дүниеге келдi. Ендi менде 3 қыз. Аллаһ бере салғандарым. Жағдай қалай болғанын жазуға уақыт болмай тұр. Әзiрге құттықтау жаза берiңiздершi. Сосын, арнайы пост жазып түсiндiрермiн. Сәби сүйгiсi кеп жүргендерге егiзiмен бұйырсын! Аллаһқа шүкiр, қуаныштымын!”, – деп жазды әзілкеш өзінің парақшасында.


Желі қолданушылары өз құттықтауларын жаудырды.