"Бірге тұрамыз, тамақты кезектесіп жасаймыз": Ағайынды Төлеповтердің әйелдері тұрмысы жайлы айтты

727

Ағайынды Артур Төлепов пен Асылхан Төлеповтің жары бір үйде тұрады. Бұл турады Мәдина Төлепова айтты. Актердің жары отбасындағы тәртіптер туралы ашық айтты. 



Артур Төлеповтің жары Мәдина Төлепова оқырмандарының қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Ол отбасындағы тұрмыстық тәртіптері жайлы баяндады. 

Айсұлумен қарым-қатынасымыз жақсы. Иә, бір үйде тұрамыз. Тамақты кезектесіп жасаймыз, кейде бірге жүріп жасаймыз. Айсулу менен 2 жас үлкен. Жүктілікті келісіп жоспарлаған жоқпыз. Тағы сұрақтарыңыз бар ма?”, – деп жауап берді

Мәдина Төлепова абысыны Айсұлумен жақын қарым-қатынаста екенін айтады. Ол бір отбасында екі келіннің қандай артықшылықтары барын сөз етті. 


Айта кетейік, Айсұлу Нарымбекқызы актер Асылхан Төлеповтің жары. 


Ұқсайсыздар, апалы-сіңлілі деп ойлап қалдым”, “Сіздердің татулықтарыңыз тікелей енеге байланысты, екеуіңді шағыстырып, бір-біріне айдап салып, біріңді жақтап, даттап отырса, қайдағы татулық! Көреген енелеріңе рахмет”, “Бөлек тұрған жақсы ғой бәрібір”, “Неге бірге тұрасыздар?”, “Артур екеуіңіз бір-біріңізге, Айсұлу мен Асылхан екеуі бір-бірлеріне ұқсайды қатты”, “Қайсысыңыз енеңізбен жақсы?”, “Кім көп жұмысты атқарады?”, “Көз тимесін”, – деп жазды желідегілер
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.