"Иіскегім келеді". Айнұр Тұрсынбаева боқтың иісін ұнататынын айтты

440

Айтыскер ақын, танымал блогер Айнұр Тұрсынбаева тағы бір қырымен танылды. Ол тек қана әдемі сөйлеудің емес, қарын тазалаудың да шебері екен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агеттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Ақын ішек-қарын тазалаудан жарыс болса, жеңіске сөзсіз жетеріне сенімді.

Қойдың ішек-қарнын тазартып отырған видеосын Айнұр өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол бұл іске жастайынан машықтанғанын, қарын тазалаудың бірнеше түрін меңгергенін айтады.

instagram.com/aidyn_nury
"Сіздер мені айтыстан 33 көлік мінген чемпион деп білесіздер ғой, егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 көлік ұтатын едім. Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін. Сонда 10-11 жаста екенмін ғой ойлап отырсам. Тіпті тәтем 2-3 қойдың ішек-қарнын маған әкеліп тастап, алаңсыз жұмыстарымен кете беретін. Рахаттанып тұрып тазалап, тіпті қуырдақ қуырып қоятын едім. Мен әлі күнге дейін ішек-қарынның иісін жақсы көремін. Қайта-қайта иіскегім келеді", — деді Тұрсынбаева.

Айнұрдың бұл әрекетіне ырза болып, желіде түрлі пікір қалдырғандар көп.

"Ішек-қарын тазалаған жақсы-ау. Бірақ суды анандай қылып ысырап етуге болмайды", "Ана малды айтам армансыз кеткен шыгар. Сама Айнур Турсынбаева ишектерин тазалап жатыр", "Айнұр әпке, сізді ішек-қарын тазалайды деп мүлде ойламаппын", "Қарын тазалап отырып, қызыма бір жағын ұста десем, 9 жас қызым ұшынып, жақындағысы келмей, кейін маска тағып отырды ғой",деп жазды желі қолданушылары.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.