Қыдырәлі Болманов 30 жылдықта медаль алмағанына налыды

537
Музыкалық продюссер, әнші Қыдырәлі Болманов Тәуелсіздік жылдары атқарған жұмысын тізіп шығып, еңбегі еленбей қалғанын меңзеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қыдырәлі Болманов 1991 жылы Халықаралық "Азия Дауысына" қалай қатысқанынан бастады.

Тәжікстаннан Парвиз Назаров, Өзбекстаннан Юлдуз Усманова Қазақстаннан мен қатыстым. Сол жолы Нұрым жыраудың термесін орындадым. 1992 жылы байқау қонағы болдым. Ол кезде Медеу Арынбаев бақ сынаса, 1993 жылы Ерлан Көкеев конкурсант болды,— дейді продюссер.

90-жылдардың басында өнер деген ұғымның орнын шоу-бизнес деген термин ығыстыра бастағанын айтты. Сосын ол кезде Парвиз, Арт-клуб, Кирилл Ли, Дуэт-Л кілең орысша әнайтатын танымал жұлдыздар көбейгеніне тоқталды.

Қазақша бірде-бір топ жоқ. Не клипі түсірілген қазақша ән жоқ! Теле-радио қалпынша орысша! Қазақша әндер қабылданбайды. Ең сорақысы, қазақша әндерді түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін ғана тыңдай аласыз. Өз елімізде жүріп, өгей балаға айналдық,— деді Қыдырәлі Болманов.

Ол осыдан соң қазақ тілінде ән айтатын топ құрып, қазақ әнін көкке көтеру керек деп ойлана бастаған. Медеу Арынбаев пен Ерлан Көкеев үшеуі АБК тобын құрып, "Тамшылар" әніне клип түсірді.

Қазақша әнмен бүкіл хит-парадтардан АБК тобы бірінші орынға шығып, "Тамшылар" әні айлап эфирден түспей хит болды. Күндіз де тыңдалатын қазақша әнге айналды. Яғни қатып қалған "орысша мұзды" жарып, қазақшаға жол салдым,
— дейді продюссер.

Кейін "Ұлытау" тобы да сәтті жобаға айналған. Сосын жұбайы Қарақатпен бірге айтқан әндері көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленгеніне тоқталып өтті. Одан бөлек, Тәуесіздіктің 30 жылдығында еңбегі ескерілмегеніне астарлап айтып өтті.

Пандемия деген бәледен кейін, бәрінің амандығын тілейді екенсің. Жазатын, айтатын әсерлі әңгіме көп. Кітап ету қажет болар. Осының бәрі естеріңізде шығар. Енді медаль алмағандар, өзіміз отырып шәй ішейік,— деді Қыдырәлі Болманов.