«Құрманғазы по черному жүрген»: Ахметбек Нұрсила Қайрат Әділгерейді сотқа бермек
Желіде танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтқан пікірі көпшіліктің наразылығын тудырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Әділгерей өз сөзінде Құрманғазының өміріне қатысты даулы пікір білдірген.
Бұл пікір қоғамда үлкен сынға ұшыраған. Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әзілкештің сөзіне қатысты қатаң реакция білдірген.
Желі қолданушылары да бұл пікірге қатысты екіұшты көзқарас білдіріп, тарихи тұлғаларға құрметпен қарау керектігін жазып жатыр.







