«Құрманғазы по черному жүрген»: Ахметбек Нұрсила Қайрат Әділгерейді сотқа бермек

2 567

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Sn.kzЖеліде танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйгілі күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы айтқан пікірі көпшіліктің наразылығын тудырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Әділгерей өз сөзінде Құрманғазының өміріне қатысты даулы пікір білдірген.

Құрманғазы туралы айтар болсақ, ол тіпті «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі – күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді, – деді ол.

Бұл пікір қоғамда үлкен сынға ұшыраған. Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила әзілкештің сөзіне қатысты қатаң реакция білдірген.

 Шегірткелер құтырған заман болды. Осындай кем ақылдарға не айтуға болады? Ең үлкен қасірет – олардың әлеуметтік желіде сайрап отырғанында емес. Ең үлкен қасірет – бұларды үлкен сахнаға шығарады, киноға түсіреді, той басқаруға шақырады. Қасірет осында. Асуға ат шықпайтын арба шықты. Осы азаматты сотқа беру керек деп ойлайсыздар ма? – деді ол.

Желі қолданушылары да бұл пікірге қатысты екіұшты көзқарас білдіріп, тарихи тұлғаларға құрметпен қарау керектігін жазып жатыр.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.