"Жаңа мама әкелдім": Психолог балаларына пранк жасаған Мереке мен Арсеннің әрекеті қауіпті екенін айтты

2 515

Фото: © www.instagram.com/merekusha.kЖеліде балаларына пранк жасаған блогерлер Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 Алғашқы кадрларда балаларға әкелерінің басқа “мамамен” келе жатқаны айтылған. Әуелде олар сөздің мәнін түсіне қоймаған. Кейін тұңғыш қызы жылап, “Маған бұл ұнамайды. Мама да басқа папа алып келсін, оны далаға шығарып жіберемін” деген. 

Ал ұлдары болса, жағдайды толық ұқпай, керісінше қуанып кеткен. Кейінірек бөлмеге Мерекенің өзі кіріп, жылаған сыңай танытқан. Артынша үйге әкесі мен жас қыз бірге келген. Ұлы мен қызы бірден анасын құшақтап, наразылық танытады, тіпті ұлы әкесін ұра бастаған. Ал кенже ұлы жағдайды толық түсінбей, әлі де күліп-ойнап жүрген. Бір кезде Мереке “Мен кеттім. Әкелерің осы қызды таңдады” деп сыртқа беттейді. Балалар анасының соңынан жүгіріп, есікті тарсылдатып, қатты жылаған.

Алайда бұл пранк желі қолданушылары арасында екіұдай пікір тудырған. Бір тарап балалардың реакциясына тәнті болып, олардың шынайы адалдығын сөз етті.

Ал екінші тарап мұндай әрекеттер баланың психикасына теріс әсер етуі мүмкін екенін алға тартқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.