Жігер Ауыпбаев өзін сынайтындарға тіл қатты

2 528

Фото: Instagram.com/ Jiger_auypbaev_officialТанымал әнші, “Меломен” тобының экс-мүшесі Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызбен көңіл жарастырғаны үшін сынайтындарға жауап берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне ғайбат сөз айтатын адамдарға мән бермейтінін айтқан.

“Адамның көзі тірі кезінде сөзден аманы жоқ, өлгеннің жаманы жоқ…!
Біреуі “педофил…” дейді,
Біреуі “теңің емес…” дейді,
Біреуі “папасы сияқты…”дейді,
Біреуі қарғайды…
Біреуі көреалмаушылықтан арам ниетпен, ардан безіп, Құдайдың қаһарынан аттап өтіп сырттан сиқыр жасайды…” – деп жазды ол.
Ол мұндай теріс әңгіменің бәрі сүйіктісімен сезімінің жанында түкке тұрғысыз екенін жазды.
“Бұлардың барлығы Алланың жүрекке салған махаббатымен бір-бірімізді жолықтырғанымыздың қасында түкке тұрғысыз әңгімелер.
Хейт жаза беріңіздер…
Сыртымнан ғайбат айта беріңіздер…
Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қандай амалға толтырамын десеңіздер де өздеріңіз білесіздер.
Ал мен Алланың қалауымен ары қарай жылжи беремін”, – деп жазды әнші.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.