Алтынай Жорабаева жолдасына сезімін білдірді

458

Фото: видеодан скриншотҚазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде жолдасын туған күнімен ерекше құттықтап, оған деген жүрекжарды тілегін жолдады. Өнер иесі бүгінде күйеуінсіз өмірін елестете алмайтынын айтып, оны тағдырдың сыйына теңеді.

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында отағасын туған күнімен құттықтап, оған жазба арнады. Көпбалалы әнші оған тілегін жолдап, бұл жолы өмірлік серігін таңдауда қателеспегенін айтты. 

Әртістің сөзінше, сүйіктісі оның өмірін түбегейлі өзгертіп, нағыз ертегіге айналдырған. Ал қыздарымен бірден тіл табысып кеткені әншіні тіптен қатты қуантқан. 

"Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен жан Туған күніңмен, жәннатым. Алла денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Екі дүниенің абыройын, бақытын берсін. Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым. Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың. Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай. 
Мені сүйгенің үшін сүйемін. Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көремін. Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз Ин Шаа Алла. Сен - Менсің! Мен - Сенмін! Өзіңді өзімдей жақсы көремін. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын. Тілегім жүрегімде. Армандарымыз дұғамда. Қалғаны жеке айтылар. Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым" , - деп жазды ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.