Сәби сүйгісі келетін қыз-келіншектер Ауыпбаевтан "Тұқым алып қалыңдар!"

526
Әнші Жігер Ауыпбаевтың сөзі желіде қызу талқыға түсті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өзінің сұңғақ бойлы екенін алға тартқан Жігер, сәби сүйгісі келетін қыз-келіншектерге ашық ұсыныс тастады.  Ғаламторға тараған видеода Жігер Ауыпбаев өзінің Instagram  әлеуметтік желідегі парақшасына тікелей эфирде көпшілікпен әңгімелескен. Әншінің фанат қыздарының бірі  тосыннан сұрақ қояды.

"Сіздің бойыңыз неше? Бойыңыз ұнайды",— деп сұрады оқырмандарының бірі.

Ал, Жігер бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады. Сұңғақ бойлы әнші өзінің ұзын бойымен мақтанып, желідегі қыз-келіншектерге үндеу тастады.


"Бойым 1.95 сантиметр. Асыл тұқымдымын. Тұқым алып қалыңыздар", — деді Жігер Ауыпбаев.


Әншінің бұл ұсынысы қыздарға қатты ұнап қалса керек, олар бірден қызығушылық танытып, Ауыпбаевты сұрақтың астына алған.



"Тұқым тегін бе, алайық па?", - деп сұрады қыздардың бірі.

Бұл сұрақ Жігерді тығырыққа тіресе керек, ол жауап берген жоқ.


 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.