«Жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені...»: Димаш Ақтауда қаза тапқан әскерилерге көңіл айтты

2 515

Фото: instagram/kudaibergenov.dimashҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ақтау маңында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы оқиғадан кейінгі ауыр сезімін жеткізді.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қайғылы оқиғадан кейінгі ауыр сезімін жеткізіп, қаза болған 18-19 жастағы сарбаздардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтты.

«Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын.
Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені...
Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін.
Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын.
Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын...
Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын.
Қош болыңдар, бауырларым», – деп жазды Димаш Құдайберген. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.