Медеу Арынбаев келіншегімен соңғы рет сөйлескен кезін еске алды

2 563

Фото телеканала "Казахстан"Қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев марқұм келіншегін еске алып, онымен соңғы рет не туралы сөйлескенін айтты. Өнер иесі келіншегі соңына дейін балалар үшін уайымдағанын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Медеу Арынбаев келіншегі бір нәрсені сезгендей соңғы бір ай бойы оған балалардың жағдайын ақырындап тапсыра бастағанын айтты. 

"Келіншегім ауруханаға түскен соң, ауруы қайтадан үдеп кетті. Сағат тоғызда кел деген, мен бардым. 9 жарымда телефон соққаным есімде, телефон көтерді. Бірақ қатты әлсіреп тұр екен. Сол кезде тек балалар туралы сұрады. "Шошып кеткен жоқ па?" деп алаңдады. Маған "Мен сені сүйемін. Балаларға қамқор бол" деп айтып үлгерді. Мен кейін артынан анализ жасадым. Соңғы бір жарым айдай көңіл күйі аса болған жоқ. Сол кезде сөздің астарынан ақырындап балаларды, олардың жағдайын маған ысыра бастап, тапсырғандай болыпты", - деп есіне алды әнші "Ұрпақ" подкастында.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.