Танымал блогердің бейнебаяны халықты ойландырды
Желіде блогер Ақбота Нұрақынның (Бота Миа) отбасылық зорлық-зомбылық пен қоғамдағы ескірген стереотиптерді сынаған видеосы көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ролик бір тәулікте 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған.
Видеода «ұзатылған қыз төркініне қайтпауы керек», «үйіне келген қыз – жаман» деген түсініктердің зияны көрсетілген. Автор мұндай стереотиптердің қыз-келіншектерді қиын жағдайға төзуге мәжбүрлейтінін меңзеген.
Блогер бұл роликті Меркіде 19 жастағы Мадина Рашидқызының қайтыс болуына байланысты түсірген.
Қаз
Рус






