Жәния Джуринская ұлына қандай есім бергенін айтты

2 536

instagram.com/djurinskayaЕкінші сәбиін дүниеге әкелген танымал актриса Жәния Джуринская ұлына қандай есім бергенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жәния Джуринская мен жұбайы Данияр Хизметов ұлына Зейін деген ерекше есім берген. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында айтты. 

Өнер иесі жолдасы екеуінің және балаларының аттары жазылып тұрған білезігін көрсеткен. 

Сонымен қатар Джуринская босанғаннан кейін қандай қиындыққа тап болғанын айтты. Актриса алғашқы үш күн өзі үшін аса ауыр өткенін айтып, нәтижесінде тағы бір бала күтушісін алуға шешім қабылдаған. 

"Кеудем сүт толғаннан қатты ауырып, артынан қолтығымның тұсы да қатты ауыра бастады. Алғашқы күндер біз үшін ауыр өтті. Қызым мазасызданып, ұлым үйге үйренісе алмай қиналдым. Өзімнің де денсаулығым сыр берді. Денем ауырғаннан және шаршағаннан үш күн бойы жылап шықтым. Ойлана келе үйге тағы бір бала күтушісін аламын деп шештім. Ол түнде бала қарасады, бізбен тұрады", - деп жазды актриса.