"5 баламның бағы шығар": Мөлдір Мұқанова қуанышты хабарын айтты
Танымал блогер, көпбалалы ана Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөліскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол жаңа көлік алғанын айтып, бұл сәтті бес баласының бағы мен несібесіне балаған.
Блогердің айтуынша, балалары бүгінде оның өміріндегі ең үлкен тірегі мен қолдаушысына айналған. Мөлдір Мұқанова жаңа көлікті отбасы үшін үлкен қуаныш деп қабылдағанын жазған.
Көпбалалы ана енді балаларын жаңа көлігіне отырғызып, бірге жақсы жерлерге баруды жоспарлап отырғанын айтқан.
Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованы жаңа көлігімен құттықтап, отбасына амандық, береке және қуаныш тіледі.







