"Әжеміз қайтқаннан кейін арманы еді": танымал блогер Әйгерім Абдуллаева (AII)

2 708

Фото: InstagramОтандық танымал блогер Әйгерім Абдуллаева күйеуі Әділге күтпеген жерден тосынсый жасап қуантты. Желі жұлдызы отағасының арманын орындап, оған умраға жолдама сыйлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әйгерім Абуллаеваның айтуынша, қажылыққа бару жолдасының асқақ армандарының бірі болған. Ол әжесі өмірден өткен соң, қасиетті мекенге одан да бетер қатты барғысы келген. Блогер ару күйеуінің арманын орындауға ниеттеніп, оған тосынсый жасаған. Ол күйеуіне сыйлығын табыстаған сәтін Instagram парақшасында көрсетті. 

"Әжеміз қайтқаннан кейін Әділдің арманы еді. Умраға жолдама сыйладым, Алла тағаланың қолдауымен. Енді оны керемет сапар кутіп тур", - деп жазды блогер.

Видеодан Абдуллаеваның жолдасының көзін жауып, туристік агенттікке алып кіргенін көруге болады. Сол жерде ол отағасына умраға жолдаманы тарту еткен. Әділ әйелінің тосынсыйына қатты қуанып, оған алғысын білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.