"Соңында қасыңда тек анаң қалады": Әншінің тілегінен соң,анасы көзіне жас алды

637

Анасының туған күніне  ерекше тілек айтқан Қайрат Нұртас көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Әншінің анасы продюсер Гүлзира Айдарбекова 54 жасқа толды. Продюсерді түнгі сағат 12-де балалары мен құрбылары құттықтады. Алайда, гүлін алып құттықтауға келген Қайрат Нұртастың қасында жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова бой көрсетпеді.

Продюсер туған күнінде түсірілген кадрларды желідегі парақшасында жариялады. Онда Айдарбекованы құрбылары мен ұлдары құттықтаған.

"Аллаға шүкір, осындай анамыздың барына, анамыздан тәрбие алғанымызға. Жолды көрсетіп, қаншама қиыншылықтарда қасымда болдыңыз. Менің түсінгенім, соңында қасыңда қалатын тек қана анаң екен. Анажан, істеген қателіктерім, сізді ренжіткен кездерім болса, кешірім сұраймын. Енді сіз тек қана бақытты өмір сүру керексіз. Мен сізді қатты жақсы көремін", –  деп өнер иесі анасына деген тілегін арнады.



Ұлының бұл сөзіне ана жүрегі елжіреп, көзіне жас алды. 

"Дәл бүгін, 12 сәуір – ғарышкерлер күні, әкешім Дәрібайұлы Үсен мен анашым Башарқызы Зайфун, өмірге шыр еткізіп 1968 жылы отбасымыздағы 7-ші перзенті етіп өмірге алып келіпті. Жандары жәннатта болсын! Сағат тілі 12:00-ні көрсеткеннен бастап, құттықтаулар, тағат таппай шырылдаған телефон қоңыраулары, құшақ-құшақ гүлдер жүрегімнің дүрсілін сағат тілінен де екі есеге көбейтіп жібергендей сезімде болдым. Менің мына өмірде бар екенімді ескеріп, көңіл бөліп құшақ-құшақ гүлімен келіп жатқан жақындарымның бәріне алғысым шексіз!" –  деп жазба қалдырды продюсер Гүлзира Айдарбекова

Продюсер туған күн мерекесінде көпшіліктің басын қосып, ауызашар беруге ниет етіп отыр.