Әзілкеш әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген ажырасуына қатысты шындығын айтты
2 570
Отандық танымал әзілкеш әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген келіншегімен ажырасып кеткенін айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі әйелі екеуінің екіге кетуіне не себеп болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Жақсыген ажырасуына қатысты өз шындығын Instagram-дағы парақшасында айтты. Әзілкеш ата-анасын қасына көшіріп алып келген соң, келіншегі екеуінің арасында келіспеушіліктер болғанын жеткізді. Актер соңына дейін ажырасуға қарсы болып, әйелін бұл райынан қайтаруға тырысқанын айтты.
"Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, "қанша ғұмыры қалды дейсің" жағдайын жасайын, немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсам да ,әліптің артын бағып, түзелер десем де, енді әлеуметтік желіде мені жамандап әлек. "Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды" деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жоқ па?! "Дүние ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. Ақылға көнейік, бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады" деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат та, сезім де, үйде ақша да.. Тек "кешірші менің қателігімді" деген иілу болмады", - деп жазды өнер иесі.