Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазды

2 780

фото: Instagram/sultankyzyТанымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында FlyArystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, ұшақ жерге қонған соң, есігі ашылмай тұрып қалған сәтте жанында отырған басқа жолаушының абайсыздығынан оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.


"Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ.
Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.