Гүлнұр Мамасарипова 50 жасын қалай тойлайтынын айтып берді

2 617

instagram.com/gulnur_mamasaripovaТанымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова 50 жасқа толуына орай "кино сыйлықақы" өткізбек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 


"Құдай қаласа, осы күзде 50-ге толады екенмін. Бұл да бір белес қой былай қарасаң... Бірақ өзімді әлі күнге ересек сезінбейді екенмін. Дегенмен ақыл тоқтататын кез келген сияқты.
Сонымен, басқа шаруам аздай өзімнің туған күнімді ойластыра бастадым. Тұла бойым тұнған дарын деп айта алмаймын, бірақ тым қаражаяуда емеспін. Сахнаға бір кеңірек көйлек киіп шығармын азарлығы. Ойлана келе қарашада "кинопремия" өткіземін деп шештім. Тәуелсіз, ешкімнің пәрменінсіз, көрерменіммен санасып, кәсіби ортаммен ақылдасып тағайындалатын жүлде болады. Ең маңыздысы үнемі еленбейтін телесериалдар қатысады. Менің де кинодағы қара шаңырағым - телесериалдар! Миымда неше түрлі идея қайнап жатыр. Жаратушым күш-қуат берсін", - деп жазды кинопродюсер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.