Ақбота Сейітмағамбет махаббат тақырыбын қозғады

579

Фото: Ақбота СейітмағамбетАжырасып кеткен соң жеке шығармашылығын мықтап қолына алған Ақбота Сейітмағамбет енді махаббат тақырыбына қатысты жазбалар жиі жариялауда. Бұл жолы өнер иесі өмірлік серіктің қандай болу керектігін айтты. Оған қоса, әнші махаббатты қайдан іздеу керетігі жөнінде өз кеңестерін де берді.


Ақбота Сейітмағамбет махаббат жайлы өз ойымен Instagram парақшасында бөліскен.
 "Әркез кішірейіп жүріп, сүйіктіңнің ашуын келтіре бермес үшін адамың сенің өлшеміңе сай болу керек. Бұл қиын. Бұл төбесі сенің бойыңнан төмен үйде өмір сүрумен бірдей. Саған ол жерде қолайсыз, кейін бұл қиындықтар көбейіп кетеді. Нәтижесінде саған тек ол үйден кетуге тура келеді. Әйтпесе, өмір-бақи басың иығыңнан шыға алмайтындай күй кешесің. Мен бұл жерде үйдің төбесі туралы айтып тұрғаным жоқ", - деп жазды әнші. 


Желі қолданушылары Ақбота Сейітмағамбеттің сөздерімен келісіп, оған қолдау білдірді. 
"Бәрін дұрыс айттыңыз", "Өте астарлы түрде айтылған ой. Толықтай келісемін", "Өмір бір рет қана беріледі. Әр күнге қуанып өмір сүре білу керек", "Жарайсың, дұрыс айттың. Сенімен толықтай келісемін", - деп жазды желідегілер.