"Жалғыз қалмаңыз"...

402
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үйінде бетпердемен жүрген суретімен бөлісіп, көпшілікті алаңдатып қойды. Ақпарат өкілі сырқаттанып қалған көрінеді. Желі қолданушыларға оның тез сауығып кетуін тілеп, алаңдауда.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде бетперде тағып түскен фотосын жариялап, өз оқырмандарын уайымға салды. Оған қоса, тележүргізуші ауырған кезде немен айналысу керектігін айтты.
 
Оның сөзінше, сырқаттанған кезде ең бастысы жалғыз қалмау керек. Сонымен қатар, ақпарат өкілі кино көріп, түрлі қызықты кітаптар оқуға кеңес береді. 

"Дым да ақылды болып көріну үшін емес" деген сурет. Шынымды айтсам, осы кітаптар депрессияға түсірмей, мұңаймаудан құтқаруда. Қандай да бір вирус түрімен ауырсаңыз да, изоляцияда отырсаңыз комедия көру, жақсы кітап оқу, құрбыларыңмен телефон арқылы әңгіме айту тезірек айығып кетуге көмектеседі екен. Дәрігерлердің "бастысы жақсылықты ойлау" дегені рас екен. Егерде ауырып қалсаңыз, менен кеңес: жалғыз қалмаңыз, ойды қинап болса да жақсыға қарай бұрыңыз. Оңай болмаса жақыныңыздан көмек сұраңыз, ұят емес. Оқырманым маска киіңіз, қашықтықты сақтаңыз, денсаулық бірінші өзіңізге керек" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.