Нұрлан Албан жылап, көптің сынына қалды

1 595

Фото: видео скриншотБелгілі әнші Нұрлан Албан мектеп бітірген ұлы Исламмен бірге анасының басына барып, құран бағыштады. Олар сол жерде тұрып, әлеуметтік желіге арнап видео түсірген, деп,- "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

«Мінекей – әжесінің ұлымен бірге тұрмын. Шеше-ау, Исламың келді. Исламың келді! Құдайға шүкір, ұлыңның бойы менен биік. Үлкен жігіт болды. Бірақ бізде сен жоқсың. Исламың сені ұмытпайды. Ислам – сенің балаң ғой, шеше. Жатқан жерің жайлы болсын! Рухың көкте шалқысын. Исламыңды бүгін мектеп бітіріп жатса да олимпиадаға алып бара жатырмын, шеше. Бақұл бол!», - деді Нұрлан Албан.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін әртүрлі қабылдаған.

Олар: "Соны камераға айту керек па?", "Анаңыздың жаны жәннәтта болсын!", "Көңілім босап кетті ғой...", "Исламға ақ жол!" деп жазды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.