"Некем енем үшін бұзылды"
684
Мөлдір Әуелбекова бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын ашып айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Менің бірінші некем енем үшін бұзылды. Мақсатым отбасын сақтау болғандықтан, жеке басым қолымнан келгенше шыдадым және жақсы өмір сүрейік деп сұрап, енемнің аяғына да жығылдым.
Бірақ ол кісі күйеуіме әрдайым басқаша жеткізіп, соңында ол мені, 5 айлық баласын тастап кетті. Жалпы, ажырасуға түбегейлі қарсымын. Бірақ адамдардың қателігінен тағдырдың тәлкегіне жіпсіз байлаулымыз", – деп ағынан жарылды ол.

Желідегі оқырмандары Әуелбековаға отбасы, ене туралы сауалдарды жиі қояды. Әнші бұл тақырыптан мезі болғанын жеткізді. Өзі сияқты күй кешіп жүрген келіншектерге әншінің айтары мынау:
"Ененің бәрі жаман емес. Жақсылары да бар. Енесі жақсылардың жолы болған. Қадірлеңіздер.
Негатив тақырыптан жалықтым. Осымен "күйеуге емес, енеге тұрмысқа шықтым" тақырыбын біржолата жабайықшы. Алланың есебі түгел. Қиянат жасаған адамның өз қиянаты алдына келмейінше өмірден озбайды. Алла – сөзінде тұрушы. Осындай жағдай басыңыздан өткен болса кешіріп, Аллаға тапсырыңыз. Реттейді".