"Баяндікі ұят болды": Дәнекер Оразбай Баян Мақсатқызының туған күніне қатысты пікір білдірді

2 598

Фото: ашық дерек көзіТанымал актер, әзілкеш “Нысана” театрының әртісі Дәнекер Оразбай продюсер Баян Мақсатқызының туған күнін талқылап, әзіл видео түсірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бейнежазбаны актердің әйелі жасырын түсіріп алған. 

“Зымырап жатқан уақыт. Ешнәрсеге уақытың жетпейді. Адамдардан да ұят болып кетті. Баян әпшені айтсаңшы, ұят болды. Туған күніне бара алмадық қой. Әжептеуір хабарласып, "Дәнеша, келінді алып туған күнге өтесің ғой, қалма" деп еді. Ұят болды", – деп әзілдеді Дәнекер Оразбай.

Актер әйелінің видеоға түсіріп жатқанын байқап қалып, ақталуға тырысты. 

“Қайдағы Баян?!. Баяны құрысын. “Баян әпше” деп мен де… Бірақ жұрттың бәрі сол жерде жүр, біз-ақ қалып кетіппіз ғой. Бәрі тойлап жатыр, ал біз бала-шағаның қамы үшін ЦОН-ға кетіп барамыз", – деп күлді танымал әзілкеш.

Актердің әзілмен айтқан сөздеріне желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр. "Ол жақта "өркештер" жарысы болды", "Бізге де айтып еді, көкірегі ашық көйлегіміз болмай, бара алмадық", "Байқа, Дәнекер, Баян әпшең боқтағаныңды естіп қалмасын, бәле болады", "Баян саған не қылды, құрысын деп соншама" деп жазды оқырман. 

https://www.instagram.com/aiym_kenzhalieva/?utm_source=ig_embed&ig_rid=ae7e28fb-7ffe-4274-ad4f-95670848124e


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.