Әнші Бүркіт әйеліне жеке ұшақ сыйлағысы келетінін айтты

2 692

Фото: instagram.com/ berkut_aibekjanТанымал әнші Бүркіт келіншегі Аишаның үнемі сыйлық сыйлағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі әйеліне болашақта ұшақ сыйлауді жоспарлап жүргенін Әйгерім Сейфоллаға берген сұқбатында мәлім етті.



«Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Үнемі көңіліне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйласам ба деп жүрмін. Жеке ұшағы болса деймін. Жоспарда бар. Ұшқыш болу бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша «Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін» деді. Маған сенбейді. Алайда мен ұшақты өзім басқарғым келеді. Бір жыл соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар нәрсе», - деді Бүркіт.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.