Димаш Sadraddin-нің анасына өзі хабарласты: «Сіздің қуанғаныңызды көріп, анамды көргендей болдым»
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Алматының Орталық стадионында екі күн қатарынан аншлагпен жеке концертін өткізген Sadraddin-ді жетістігімен құттықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жас әншінің анасы Айгүл Есқараға арнайы телефон шалып, ақ тілегі мен ыстық ықыласын білдірген. Анасы әлеуметтік желідегі парақшасында Димашпен болған жылы әңгіменің жазбасын жариялады.
Әңгіме барысында Димаш кештің бейнежазбаларын көргенін және інісінің бұл табысына шын жүректен қуанып жатқанын жеткізді:
«Балаңыздың аяқ алысы құтты болсын! Концерттен үзінді видеоларды көрдім, керемет өтіпті. Бәріміз қуанып жатырмыз. Ініміздің алар белесі, жеңісі көп болсын!», – деді ол.
Сонымен қатар Димаш стадионда ұлының өнеріне сүйсініп тұрған ананың қуанышы өзіне ерекше әсер еткенін, бұл көрініс өз анасының концерттердегі тебіренісін көз алдына әкелгенін атап өтті:
«Сіздің қуанып, нұрланып тұрғаныңызды көріп, өз анамның концертімде қуанғанын көргендей әдемі күй кештім. Құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін! Елде болғанда міндетті түрде барып, қолдар едім. Sadraddin, Алла қаласа, халықаралық деңгейге көтеріліп, әлем бойынша стадиондар жинап, концерт беретін күндерге жетсін», – деп ақ батасын берді Димаш Құдайберген.
Қаз
Рус






