50 жастағы Наоми Кэмпбелл алғаш рет ана атанды
Күллі әлемге танымал британдық сәнбике Наоми Кэмпбелл 50 жасында алғаш рет ана атанды. Бұл қуанышты жаңалығымен ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен.
"Жаратушының бұл кішкентай сыйы анасы ретінде мені таңдады. Менің өмірімде осы жанның пайда болғанына қатты қуаныштымын. Екеуміздің арамыздағы байланысты сипаттай алатын сөз де жоқ шығар. Бұдан асқан махаббат жоқ", - деп жазды модель.
Желі қолданушылары бірден Наоми Кэмпбеллді құттықтап, сәби екеуіне өз ақ тілектерін жаудырды. Кейбір оқырмандар тіпті жаңа туған нәрестеге ат қоя бастады.
Алайда, 50 жастағы сәнбикенің қалай ана атанғаны белгісіз. Әлемдік жұлдыз отбасылы емес. Оның үстіне ол бұған дейін өзінің жүкті кезіндегі суреттерін жариялаған жоқ. Әйгілі модельдің суррогат ананың көмегіне жүгінді деген болжам бар.