Әсел Асқар түрлі елдерде жеті пәтері бар екенін айтып мақтанды
561
Блогер Әсел Асқар Қазақстан мен Түркияда жеті пәтері бар екенін Instagram желісінде айтты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Блогер алдағы уақытта БАӘ-ден, Ресей мен Испаниядан үй алуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бірнеше үйі болғанына қарамастан, Әсел Асқар қазіргі таңда балаларымен анасының үйінде тұрып жатыр. Айтуынша, өзіне осылай ыңғайлы.
"Менде мүлік көп. Аланияда екі бөлмелі, Стамбұлда бір бөлмелі үйім, Астанада екі пәтерім, Алматыда үш пәтерім бар. Испанияда да өзімнің заңды 150 шаршы метрімнің болғанын қалаймын. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оның барлығын жариялай бермеймін. Қарапайым күйде анамның үйінде тұрып жатырмыз. Не болыпты?
Туыстарым да білмейді. Тіпті күйеуімнің хабары жоқ. Осыны оқып, таңғалатын болды", – деді Әсел.
Туыстарым да білмейді. Тіпті күйеуімнің хабары жоқ. Осыны оқып, таңғалатын болды", – деді Әсел.