"Жүрегім тас әрі қола"

261

Екінші некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сыр шертті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Әуелбекова жуырда жол апатына түсіп қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, апаттан кейін бұрынғы күйеуі өзі сыйлаған көлікті тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен. Әуелбекова экс-жарынан көңілі қатты қалғанын айтқан еді. Бұл жолы әнші көпшілікке сырын ақтарды.

 
"Енді ерімейтіндей сіздің жүрек қола не тастан емес қой?" - деген Instagram оқыранының сауалына:

 

"Дәл қазір қола, әрі тас. Сол қоланы ерітетін, тасты жібітетін жігіттің барына сенімсізбін", - деп жауап берді. 


Әйткенмен әнші әлі де біреуге ғашық болу мүмкіндігін жоққа шығармады.


"Енді ессіз ғашық болмаймын демедім", - деді Мөлдір.