«Олжас Абаймен тағы да жұп па?»: Дариға Бадықова елді алаңдатқан сұраққа жауап берді

2 312

Фото: instagram.com/dariga_badykovaАктриса Дариға Бадықова "Ыстық ұя" атты жаңа фильмнің түсіріліп жатқанын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл жолы әріптесі Олжас Абаймен жұп болмайтынын атап өтті.

"Көпшілік тағы да Олжас Абаймен бірге ойнайды деп ойлап жүр. Бірақ бұл жолы олай емес. Ол менің күйеу баламның рөлін сомдайды. Ал басты рөлде Ержан Түсіповпен серіктес боламын. Фильміміздің салмағын арттыру үшін арнайы елімізге белгілі актер Ержан Түсіповті шақырдық", – деді Бадықова.

Желі қолданушылары актрисаның бұл шешіміне қатысты әртүрлі пікір білдіруде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.