Шәріп Серіктің жас актрисамен түскен видеосы қызу талқыға түсті

331
Атышулы Say Mo-мен ажырасып кеткен қазақстандық актер Шәріп Серік енді жас актрисамен көзге түсті. Қос жұлдыздың видеосы желіде қызу талқылануда.

Шәріп Cерік кино саласымен қатар, Tik-tok кеңістігін жаулаға көшкен көрінеді. Instagram желісінде өнер иесінің жас актрисамен түсірген видеосы тарап, қалың көпшілікті таңғалдырды. 


Бейнежазбада қос өнерпаз Tik-tok желісіндегі трендті түсіргендерін көруге болады. Бұл жайт бірден оқырмандардың назарына ілігіп, олардың арасында қызу талқы тудырған. Желідегілер Шәріп Серіктің жас актрисамен көңіл жарастырып жүргенін болжап жазды. 


Ал кейбірі актерді қарындасымен жасты арумен мұндай видео түсіргені үшін сөгіп тастады.
 "Қыз жақын тұрып алған жоқ па? Жігіт қайда қарап тұр?", "Екеуі жұп па?", "Кинодан кейін жүріп кетсе таңғалмаймын", "Қарындасындай қыз ғой", "Белнен ұстап алғаны қалай болды", "Екеуі соңғы кезде бірге көп көрініп жүр. Кездесіп жүр ме", "Екеі жұп секілді", "Бақытты болыңдар", - деп жазуда көпшілік.