«Екі «полоска» күткендер біргеміз»: Жахан Отарғалиевті әйелі тосыннан қуантты

2 175

Коллаж: Sn.kzБелгілі әзілкеш әрі шоумен Жахан Отарғалиевке жұбайы тосын сый жасап, оны шын қуантты, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Ол күйеуіне ерекше сый ретінде кіші қажылық – Ұмра сапарын тарту еткен. Бұл күтпеген сыйлық Жаханды қатты тебірентіп, ол қуаныштан көзіне жас алды.

Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдірді. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған:

«Аяғы ауыр деп ойлап қалдым», «Екі «полоска» күткендер біргеміз», «Мұндай сыйдан артық не керек?!», «Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Ал Жаханның өзі эмоциясын жасыра алмай:

«Мұндай сыйлықты күткен жоқпын. Аллаға шүкір!» – деп жазды.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.