Димаш Құдайбергеннің әкесіне президент атынан орден табысталды
2 503
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, композитор және продюсер Қанат Айтбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Парасат" орденімен марапатталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
"Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа "Парасат" орденін табыстады".
Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өткен.
"Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын",- деп түсіндірді министрлік.

"Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.