«Келінім қуып жіберді»: Мөлдір Әуелбекова бөлек шыққанын айтты
2 607
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа үйіне көшіп, бөлек шыққанын айтты. Құны 60 миллион тұратын үйде өнер иесі екі баласы және көмекшісімен бірге тұрады екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Күзде эстрада жұлдызы баласының туған күніне пәтер сыйлаған еді.
Құттықтаңыздар, 5 айдан соң ақыры үйдегілер шыдатпай, көшірді. Сыйдырмай, қуып жіберді, шынымды айтсам. Мен негізі үйде ештеңе істемеймін. Гүлназ деген көмекшім бар. Ол қазір жаттығуға кетті де, балаларға ас әзірлеп жатырмын. Шынымды айтайын, үй шаруасына “нөлмін”. Десе де Алла маған сол олқылықтың орнын толтыратын көмекші алуға мүмкіндік беріп қойды, – деп әнші инстаграм парақшасының сторис бөлімінде жазды.
Бұдан бөлек Әуелбекова келінмен бір үйде тұру мүмкін емес екенін қалжыңмен жеткізді.
Жаңағы “үйдегілер сыйдырмады, көшіріп жіберді” дегенім рас негізі. Бірақ үйдегілер болғанда, мамам мен папам емес. Үйде келін деген біреу бар, сол келінім ғой қуып шыққан. Өзі міне, қасымда отыр, жасаған тірлігіне ұялып, сіздерге қарамай отыр, – деп күлді Мөлдір.