Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды

389

Отандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа жазбамен бөлісіп, оқырмандарын ойландырып қойды. Олар өнер иесінің сөздері кімге арналғанын біле алмай әлек болып, оны сұрақтың астына алды.

Жұлдыз Әбдікәрімова елдің қызу талқысына қалған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Қайрат Нұртастың жары онда өмірге қатысты өз толғауымен бөліскен. Ол бұл дүниеде адамға емес жаратушыға үміт артуға шақырды. 

"Бұлт артынан қашанда күн шығады. Адамға емес Аллаға үміт артайық. Адамнан сұрасаң - “Мен бердім!” дейді, Алладан сұрасаң - “Ол бұйыртып, өзім жеттім!” дейсің" , - деп жазды актриса. 

Өнер иесінің бұл жазбасы барша желі қолданушыларын ойландырып, олардың түрлі сұрақтарын тудырды. Қалың көпшілік Жұлдыздың бұл сөздерді кімге арнап жазғанын қатты білгісі келді. Кейбірі тіпті бұған қатысты өз болжамдарымен де бөлісіп жатты. 

"Әдемі айтылған. Өмірлің мәні бар. Бірақ кімге арналған екен", "Мына сөздер жүректен шыққан. Кімге қатысты айтып отырсыз", "Бұл жазба бекер жарияланбады ғой. Біреуге арнап жазылған секілді", "Мұңайма, міндетті түрде күн шығады. Бәрі жақсы болады", "Біреуге ренжіп жазып отырғанға ұқсайды" , "Мінезі мен көркі сай сұлу, сізге тәнтімін" , "Өте ақылды әрі данагөй жансыз. Сіздей болғым келеді", - деп жазуда желі қолданушылары. 

 Фото:https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/