Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

229
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Ақпарат өкілі бұл қауіпті вирустан құтылудың жалғыз жолы екенін алға тартты.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында екпе қабылдаған сәтінен фотомен бөлісіп, вакцинация мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Тележүргізуші азулы жазба жариялап, вакцина салдырғандарды сынайтындарға шүйлікті. 


Ол екпені қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, оны ашық түрде үгіттейтінін жеткізді.
 "Кеше Hayat-Vax салдырдым. Вакцина туралы ауыз ашсаң, жазсаң болды, жан-жақтан жаман комменттермен бомбалайтын антиваксерлер армиясы қаптап кетеді. Білем. “Жалпы халыққа жеккөрінішті болғың келсе, екпенің елге пайдасын айт. Сені қорлап, лағынет жаударады. Сондықтан сіздермен байланысқым келмейді”, - деп Комаровский де айтқан еді.

 
Ектіргендердің көбі үнсіз қалатыны содан шығар. Үлгі көрсетуге жоқ. Үгіттегісі келмейді. Жаманатты болудан қорқады. Ал мен ашық үгіттеймін! Вакцинаға көзқарасым оң. Сен, мейлі сенбе. Бәрібір бұл вирустан құтылудың жалғыз жолы осы. Ұжымдық иммунитет қалыптастырмайынша осылай жылдар бойы пандемиямен өмір сүретін түріміз бар. Шаршаған жоқсыздар ма? Белгілі бір себептермен салдырмайтындарға қатысы жоқ", - деп жазды Сұлтанқызы. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.