Жазира Байырбекова продюсерлікке бет бұрмақ

260

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова өзін жаңа қырынан сынап көрмек. Эстрада жұлдызы қазақ өнеріне өз үлесін қосатын музыкалық топ құрып, продюссер болуды  жоспарлауда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі


Жазира Байырбекова топ құру жолындағы алғашқы қадамын да жасап үлгерген. Өнер иесі ауқымды кастинг өткізіп, ерекше талант иелерімен танысты. Енді әнші өзі құратын ұжымға қандай ат қоярын білмей, жанкүйерлерінің көмегіне жүгінді. Әртістің сөзінше, топ қазақи дәстүрлі әндер шырқайтын болады.

"Бұйыртса жақында жас таланттардың басын қосып, қазақтың ұлттық өнеріне үлес қосатын әдемі топ құру жоспарда бар. Бүгін сол топтың кастингы өтті. Керемет талантты қыз-жігіттер жиналды. "Кеменің атауын қалай қойсаң, солай жүзеді" демекші, енді сіздер бізге қазақи, дәстүрлі, есте қаларлық есім таңдап беріңіздер. Ең ерекше, әдемі есімге сыйымыз бар. Топтың бағыты: қазақи, дәстүрлі әндер", - деп жазды Байырбекова.



Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында өзі өткізген кастингтен видео жариялап, көпшілік назарына ұсынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.