Роза Рымбаева қиын кезеңдерін еске алды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
"Қазақ эстрадасының примадоннасы" атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толған. Әрбір кешін асыға күткен көрерменді әнші жақында жағымды жаңалығымен қуантты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агеттігі.
Атаулы мерейтойға орай өнер иесі ақпан айының 7- ші жұлдызында Республика сарайында кеші өткен. Кеш қарсаңында әнші сұхбат беріп, толғаныстарын бөліскен.
Елу жыл аралықта түрлі қайғыны бастан кештім, небір қиын кезеңдерді бастан өткердім. Менің ең үлкен бақытым – халқымның әркез қолдап жүргені. Әсіресе, жолдасымнан айырылған ауыр кезеңде бұл қолдау маған үлкен демеу болды. Сол жылдары кішкентай екі баламды алып, гастрольдік сапарларда жүрдім. Мен жыл сайын халық алдына шығып, "Көктем шақырады" атты концертімді беретінмін. Бұдан кейін аталған кеш шығармашылығымдағы дәстүрлі іс-шараға айналды", - деді әнші
Қаз
Рус






