Мадина Сәдуақасова әнші болуды армандамаған

2 696

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram/ sadvakasovamadinaБелгілі әнші Мадина Сәдуақасова қалай әнші болғаны туралы ел білмейтін шындығымен бөлісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі офицер атануды армандаған. Бұл туралы ол "Замандастар" бағдарламасында айтты.

"2000 жылы барлығымыз президент оркестрінде жұмыс істедік. Менің өмірімдегі ең керемет кезең. Өйткені мен мүлдем эстрадалық ән айтқан жоқпын. Сол кезде ұлттық аспаптармен әндер орындайтынмын. 2003 жылы Астанаға композитор Ермек Елгезеков келеді. Ол маған Алматыға көшу туралы айтады. "Мен көшпеймін. Қазір сержантпын, әлі офицер боламын" деп айтамын. Әскери адамдардың арманы сол ғой. Ол кісі қоймай, маған ән жазып беретінін айтты. Жарты сағаттың ішінде сөздерін жазды. Түнімен аранжировкасын жасапты. "Ән келді, түнімен өңдедім. Сен келген кезде сөздер де келді. Енді дауысыңды басып бер" деді. Ол "Махаббат жалыны" әні болды. Мен жаздым, ол кісі әнді Алматыға алып кетті. Бұл әннің тұсауы Санкт-Петербург қаласында Шұғыла Сапарғалиқызының кешінде кесілді. Халық өте керемет қабылдады", - деді Сәдуақасова. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.