Димаштың жаңа композициясының бірі -«Fly Away» алғаш рет жапон радиосында шырқалмақ

264

Димаш Құдайбергеннің жаңа композицияларының бірі «Fly Away» танымал FM Kiryu жапон радиостанциясының эфирінде шырқалады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі dimashnews-ке сілтеме жасап.

FM Kiryu эфирінде қазақстандық орындаушының әндерін ұсыну дәстүрге айналды. Димаштың танымал «Screaming» композициясы алғаш рет жапон радиостанциясында 2020 жылдың 18 маусымында шырқалған болатын.

Алғашқы эфирден кейін жапон фан клубының жанкүйерлері бірден басқа композицияға сұраныс жасады. Бірнеше рет сұратқан. Осылайша, 4 қарашада «More Music» бағдарламасында қазақстандық әнші әнінің алтыншы трансляциясы өтеді.

Жаңа эфирде радио жүргізушілер әншінің «Fly Away», «Дайдидау» және «Golden» атты үш композициясын ротациялауды жоспарлап отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.